• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Президент 29 Қараша, 2022

Мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

189 рет
көрсетілді

Францияға ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рәсім алдында Мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Содан кейін Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті.