• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Қараша, 2022

ӘЧ: Португалия құрамасы Уругвайды жеңді

294 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Катардағы «Лусаил Айконик» стадионында Португалия мен Уругвай құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші турдың соңғы ойынында Португалия құрамасы Оңтүстік Америка өкілдерін 2:0 есебімен ұтты.

Кездесудің 54-минутында Бруно Фернандеш Португалия құрамасын алға шығарды. Ол ойынның 90+3-минутында пенальти орындап, дубль жасады. 

Еске салайық, бұған дейін Бразилия әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне өтті.