• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Ғылым 22 Қараша, 2022

NASA Айдың жаңа суреттерін жариялады

569 рет
көрсетілді

NASA Artemis I миссиясы аясында түсірілген Айдың жаңа фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

NASA өзінің Twitter-дегі аккаунтында Орион ғарыш кемесінен түсірілген Айдың жаңа суреттерін жариялады. Түсірілім кезінде ғарыш кемесі Ай бетінен 130 км қашықтықта болған.

Айта кетсек, NASA-ның Artemis I миссиясы 16 қарашада басталды. Ғарышқа ұшу кезінде көптеген кідірістер болды. Механикалық ақауларға байланысты миссия екі рет кешіктірілді. Енді экипаж 25 күннен кейін Жерге қайта оралады.

Бұл өршіл миссия адамдардың айға және одан тыс жерлерге ұшуына бағытталған Артемида бағдарламасын бастайды.