• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2022

Мешітте ұрлық жасаған жігіт ұсталды

346 рет
көрсетілді

Астана мешіттерінде ұрлық жасаған жігіт анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала тұрғыны полицияға намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.

Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алып-сатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады», деді полициядан.

Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.