• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2022

Иорданияда киіз үй тігілді

273 рет
көрсетілді

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі дипломатиялық базар аясында Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінде киіз үй құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақы киіз үйге Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал арнайы келіп, бас сұқты.

Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың әсерлі әртүрлігі ұсынылған.

Елшіліктің ұлттық кәдесыйларды сатуы арқылы жиналған қаражат Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына берілді және Иорданияның тұрмысы нашар отбасылары балаларының білім беру қажеттіліктеріне арналған.