• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Қазан, 2022

Сайлау: тағы үш кандидат құжаттарын өткізді

338 рет
көрсетілді

ҚР Президенттігіне кандидатурасын ұсынған үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдардың қарауында жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шафкат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы жеті адамның құжаттарын қабылдады. Олардың төртеуі кандидаттарға қойылатын барлық талаптарға сәйкес деп танылды.

«Сәйкес келген үміткерлер – Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев. Үш кандидаттың құжаттары қазір мемлекеттік органдарда, олар Нұржан Әлтаев, Талғат Ерғалиев және Қарақат Әбден», деді Шафкат Өтемісов баспасөз мәслихаты барысында.