• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Тамыз, 2022

Алматыдан 441 км қашықтықта жер сілкінді

360 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісі 5 тамыз күні Алматы уақытымен 19 сағат 28 минутта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 441 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11,0. MPV тербелісі – 4,8. Тереңдігі – 05 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.