• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Шілде, 2022

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші рет жеңіске жетті

290 рет
көрсетілді

Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген.

Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті. Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді. Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.