• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Шілде, 2022

Өскеменде бухгалтердің 13 млн теңге жымқырғаны анықталды

354 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 13 млн 485 мың 062 теңге ақшалай қаражатты заңсыз иемденгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іздестіру шаралары барысында 50 жастағы күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі - «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған баптың санкциялары мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.