• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2022

«Конституцияда азаматтар тең болуы керек»

116 рет
көрсетілді

«Референдум өт­ті деп санауға бола­ды» деді Орталық рефе­рен­­­дум комис­сиясының төр­ағасы Нұр­лан Әбдіров сайлаушылар­дың 77 па­йы­зы шешімді қолдағанын көрсеткен ал­дын ала қорытындыларға сілтеме жасап.

Жексенбі күні Алматы қала­сында сайлаушылар референдум учас­келеріне ағылды. Алғаш рет дауыс беріп отырған 18 жастағы студент Аян экс-президентке қатысты жеңілдіктің негізгі заңнан алынып тасталуын құптайтынын айтты. «Оның біздің тарих кітаптарында орны бар, бірақ конс­титуцияда барлық азаматтар тең болуы керек», деді ол өзінің университетінде дауыс бергеннен кейін.

Қаңтар оқиғасынан кейін ел Президенті Қ.Тоқаев Н.Назарбаевтың мемлекет құрудағы жетістіктерін жо­ғары бағалады. Дағдарыстан бері Назарбаев көпшілік алдына шықпады, бірақ жексенбі күні елордада дауыс беріп, Тоқаевты және өзгерістерді қол­дайтынын білдірді.