• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2022

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды

379 рет
көрсетілді

19 сәуірде ұсталған генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасына сілтеме жасап.

«Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қажеттілігінің болмауына байланысты Қ.Қарақұловты Бас прокурордың көмекшісі УҰИ-дан босатты», деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 26-тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («немқұрайлылық») бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы Қ.Қарақұлов УҰИ-ға қамауға алынған болатын.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аяна Тоғанбек