• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Наурыз, 2022

ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көтерілді

2971 рет
көрсетілді

Қазақстан темір жолы 2021 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылы өндіріс қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 63 миллиард теңге бағытталды. Сондай-ақ, қызметкерлерге 22 миллиард теңгеден астам сыйақы төленді», делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Биыл өндірістік қызметкерлердің жалақысын көтеруге 70 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Жүргізілген іс-шаралар есебінен 2021-2022 жылдары өндірістік персонал қызметкерлерінің еңбекақысының өсімі орташа есеппен 50%-ды құрады.