• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 21 Ақпан, 2022

Нурмагомедовтің келесі қарсыласы анықталды

481 рет
көрсетілді

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов инстаграмдағы тікелей эфирі барысында інісі Усман Нурмагомедов келесі жекпе-жегінде кіммен кездесетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері UFC-дегі келесі кездесуінде америкалық Майлс Джуриге қарсы октагонға шығатыны белгілі болды. 23 жасар Усман Нурмагомедов бүгінгі күнге дейін аралас жекпе-жек әлемінде 14 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан айласын асырғаны мәлім. Ол сегіз жекпе-жекте қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген болатын.