• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 27 Қаңтар, 2022

Головкин-Альварес: Трилогия биыл өтуі мүмкін

2340 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек биыл өтуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы белгілі бокс сарапшысы Майк Коппинджер ақпарат таратты. Соңғы деректерге сенсек, промоутер Эдди Хирн Сауль Альвареске екі бірдей жекпе-жек ұйымдастыру туралы ұсыныс жасаған. Ол бірінші кезекте мексикалық боксшының жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволмен мамыр айында шаршы алаңда кездескенін қалайды. Ал Головкин-Альварес трилогиясын 17 қыркүйекте ұйымдастыруға бел буып отыр. Шайқас ұйымдастырылған жағдайда екінші орта салмақ дәрежесінде өтпек.