• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Видео 14 Қаңтар, 2022

Жамбыл облысында тұрғындар жаппай қару-жарақ өткізіп жатыр

438 рет
көрсетілді

Бұған дейін аймақтың коменданты қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсырғандар жазаға тартылмайтынын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» аранасына сілтеме жасап.

Содан бері 102 номеріне Тараз қаласы мен аудандардан толассыз қоңырау түсіп жатқан көрінеді. Бір тәулікте тәртіп сақшылары 40-тан аса қару мен оқ-дәрі қабылдаған. Арасында анонимді ақпарат берумен шектелетіндері де бар. Мәселен, қоңырау шалған қала тұрғыны қарудың жатқан жерін ғана айтқан. Мекенжайға шұғыл жеткен құзырлы мекеме өкілдері үш Калашников автоматы мен гранатомет тапқан. Қазір қауіпті заттар сараптамаға жіберілген.

- Қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны ерікті түрде полицияға тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды. Құпиялылыққа кепіл беріледі, - деді облыс коменданты Бақыт Ратаев.