• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қаңтар, 2022

Израиль билігі коронавируспен ауырған шетелдіктерді елге кіргізе бастайды

211 рет
көрсетілді

9 қаңтардан бастап Израиль билігі вакцинацияланған және коронавирус дертімен ауырған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz аталмыш елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Премьер - министр мен сыртқы істер, денсаулық сақтау, ішкі істер, туризм және көлік министрліктері 9 қаңтардан бастап мәртебесі «сары» елдерден вакцинацияланған және коронавируспен ілгеріде ауырған шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат береміз деген қорытындыға келді», делінген ведомство хабарламасында.