• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Фотогалерея 17 Желтоқсан, 2021

Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

705 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, оның орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, желтоқсан және жастар ұйымдарының өкілдері 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескерткішке гүл қою рәсімінен кейін жиналғандар сол оқиғаларда қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Құран оқылды. Осыдан соң желтоқсаншыларға арнайы ас ұйымдастырылды.