• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Желтоқсан, 2021

Алматыда студент өз-өзіне қол жұмсады

238 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растады.

«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», деп хабарлады полициядан.

Тиісті сараптама тағайындалды. Мән-жайды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.