Бүгін Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты биылғы ақпан айында эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан авиация саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапаттарға мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, әуе компаниялары мен әуежайлар мамандары, ұшу экипаждарының мүшелері, жерүсті қызметтерінің мамандары және саланың басқа да өкілдері ұсынылды.
Мемлекеттік наградаларды Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр табыс етті.
«Барлық жұмыстың нақты әрі үйлесімді ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Бұл лайықты ордендер, медальдар және Президенттің алғысы сіздер үшін алдағы кәсіби өсуге, бар дағдыларды жетілдіруге және жаңа білім мен қабілеттерді меңгеруге қосымша серпін береді деп сенемін. Бұл сіздерге алдағы уақытта да Отанымыздың өркендеуі жолында жемісті еңбек етуге мүмкіндік береді», деді Роман Скляр.
Биылғы ақпан айында Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша ауқымды жұмыс жедел ұйымдастырылды. Құрылған ведомствоаралық топтың құрамындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері тиісті жұмысты қамтамасыз етті.
3–13 наурыз аралығында 66 рейс орындалып, еліміздің 10 275 азаматы Отанына қайтарылды. Тасымалдауды Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары Дубай, Шарджа, Джидда, Медина және Маскаттан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент бағыттары бойынша жүзеге асырды.
Мараптталғандар:
«Құрмет» орденімен:
Талғат Ахметов – «Эйр Астана» акционерлік қоғамының департамент директорыОлег Колесников – «Эйр Астана» акционерлік қоғамының бас ұшқышыАлександр Небога – «Эйр Астана» акционерлік қоғамының вице-президенті
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Әнуар Боранбаев – «SCAT» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының бортсерігіСерік Жексембаев – «Эйр Астана» акционерлік қоғамының инженеріТахиржан Искаков – ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі» РММ құтқарушы-мейіргеріМухтор Искандаров – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ командиріСергей Комнатный – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командиріМаксим Межевий – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командиріЕвгений Мустафин – ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі» РММ құтқарушы-мейіргеріКлим Пак – «Эйр Астана» АҚ менеджеріАндрей Самойлов – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ директорыМирас Темірбеков – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командирі
Рауан Мыңбаев – «Хабар» агенттігі» АҚ «24KZ» арнасының БАӘ-дегі тілшісіСергей Халдеев – «Эйр Астана» АҚ департамент директоры
«Шапағат» медалімен:
Әлібек Алмабеков – «Qazaqstan Business Council» КЕҰ төрағасы
«Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы» төсбелгісімен:
Талғат Ластаев – көлік вице-министрі;
Ербол Ізбергенов – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Болысхан Нұғыманов – ҰҚК Шекара қызметі бөлім басшысыСалтанат Томпиева – Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
Белла Тормышева – «Эйр Астана» АҚ вице-президенті
Абдул Рахим Мохд Низам Бин – «Эйр Астана» АҚ менеджері
Биниш Тандаямпарамбат – «Эйр Астана» АҚ менеджеріАлишер Абдығалиев – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ бортсерігіӘрлен Әбду – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ бортсерігіВладимир Бондарев – «Эйр Астана» АҚ менеджеріАсылхан Есілов – «Туристік қамқор» қорының директорыРуслан Зұлхарнай – «Эйр Астана» АҚ технигіДмитрий Коробов – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ бортсерігіНиколай Кунле – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ директорыДенис Қозбағаров – «Эйр Астана» АҚ менеджеріСүлейман Мирзаев – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ бөлім басшысыЖанар Пономарева – «Эйр Астана» АҚ менеджеріИнна Рей – «Туристік қамқор» қорының төрағасыСтанислав Рясков – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ орынбасарыАрман Сатимов – «White stone» компаниясының бас директорыСабыржан Тастембеков – ТЖМ аға офицеріЖаңыл Үмбетиярова – әуежай басқарма төрағасыКсения Черепанова – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ бортсерігі
Талғат Шаймарданов – ҰҚК Шекара қызметі офицері
Сарвиноз Эрматбаева – «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ бортсерігі