• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2021

Таразда көпқабатты үйден өрт шықты

240 рет
көрсетілді

Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерді жалын шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз қаласындағы Төле би көшесі бойында, тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде үй заттары мен жиһаз жанып кетті.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына 9 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды.

«Жалын ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруші-құтқарушылар төменгі қабаттағы тұрғындарды далаға шығуына көмектесті», делінген хабарламада.