• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Өнер 17 Қыркүйек, 2021

Қазақконцерт әртістері Душанбеде өнер көрсетті

477 рет
көрсетілді

«Қазақконцерт» әртістері Шанхай ынтымақтастық ұйымының 20-шы мерейтойлық саммитінің гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Үндістан өкілдері бас қосқан бұл шарада отандық әртістер қазақ мәдениетін жоғары дәрежеде көрсете білді.

«Ұлттық ән өнерінің үздік үлгілерін Қазақконцерт солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали ұсынды. Әнші белгілі композитор Бауыржан Ақтаевтың өңдеуіндегі «Молдабайдың әні» туындысын орындады. Б.Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен өнер көрсететін «Астана сазы» фольклорлық ансамблі де оның «Арнау» музыкалық шығармасын орындап, жиналған қауымды тәнті етті. Ұлы дала елінің мәдени болмысын жеткізе білген бұл туынды көпшіліктің зор ықыласына бөленді.

Сондай-ақ шетелдік көрермендер «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы би композицияларын тамашалады», деп атап өтеді Қазақконцерт» баспасөз қызметі.

Қазақконцерт әртістері өз өнері арқылы ШЫҰ-на мүше елдердің арасындағы ынтымақтастық және достық қарым-қатынастың нығаюына өз үлесін қосты.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында отандық әртістер енді 18 қыркүйек күні Тәжікстанның Бохтар қаласында өтетін үлкен концертте өнер көрсетпек.