• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Хоккей 14 Қыркүйек, 2021

«Барыс» ЦСКА-мен мен кездеседі

229 рет
көрсетілді

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетерлігі, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы кездесуде қарсыласына есе жіберді.

Еске салсақ, турнирдің биылғы алғашқы екі ойынында елордада 3 қыркүйекте «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» клубынан 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді.