• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Хоккей 08 Қыркүйек, 2021

ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Амурмен» кездеседі

259 рет
көрсетілді

«Барыс» бүгін, 8 қыркүйекте құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу елорда уақытымен 19.30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 40 мәрте шеберлік байқасты. Оның 2-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетерлігі, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы төрт кездесудің үшеуінде қарсыласынан басым түсті.