• RUB:
    5.04
  • USD:
    447.37
  • EUR:
    487.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2021

Қостанайда 11 жасар қызды көлік қақты

215 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін 13:34-те Абай-Волынов көшелерінің қиылысында «Lada» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі бағдаршам жанында 11 жасар қызды қағып кетті. Бас сүйек пен түрлі дене жарақаттарын алған қыз дереу ауруханаға жеткізілді», деп түсіндірді полициядан.

Ведомствода қыздың жолдағы бағдаршамның жасыл түсіне өткен-өтпегені әлі белгісіз екені хабарланды.

«Оқиғаны түсіріп алған камераның видеосында бағдаршамның түсі көрінбейді. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде», деді полиция.

Соңғы жаңалықтар