• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

ШҚО мен Жамбыл облысында су деңгейі көтеріледі

572 рет
көрсетілді

Синоптиктер Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарындағы өзендердегі су деңгейінің көтерілуі туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жауын-шашын болжамына байланысты, 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында өзендерде көлбеу ағын қалыптасып, су деңгейі көтеріледі», деп хабарлады «Қазгидромет».