• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2021

Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қаулыға сәйкес, 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуға рұқсат етіледі.

Ол үшін санитарлық-эпидемияға қарсы келесі шараларды сақтау қажет:

Педагогтер мен персоналдың 100% вакцинациясы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін үш ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда); Ұйымға кірген кезде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жаста оқитын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу); Маска режимін сақтау; Рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету; Үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін ұлғайту; Үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; Педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті "кіру" сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия); Бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т. б.) өткізуге тыйым салу; Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; Зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін жою; Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын ажырату (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып); Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына кіруге жол берілмейді:

Жаңа қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар