• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар қай елдерге демалысқа бара алады?

Енді Қазақстаннан шығатын халықаралық рейстер 46 бағыт бойынша 16 елге орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстердің көпшілігі Түркияға орындалады - аптасына 54 рейс. Одан кейін Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері - бұл елдерге сәйкесінше аптасына 36 және 31 рейс орындалады. Грузияға аптасына 20 рейс бар.

Ресейге - 10, Қырғызстанға және Германияға - 9 рейс, ал Беларусь пен Украинаға - 8 рейс және Черногорияға - 7 рейс бар.

Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Египет, Нидерланды, Польша мен Арменияға - аптасына бір немесе үш рейс шығады.

17 тамызда Қазақстанда ұзақ уақыт бойы алғаш рет тәулігіне 7000-нан аз адамнан коронавирус анықталды. Нұр-Сұлтанда ауру жұқтырғандар саны айтарлықтай төмендеді.

Соңғы жаңалықтар