• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 02 Тамыз, 2021

Қытай атынан шыққан этникалық қазақ Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды

278 рет
көрсетілді

Қытайлық балуан, этникалық қазақ Уәлихан Сәйліке Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грек-рим күресі жарысының 60 келіге дейінгі салмағында Сәйліке қола медальға таласып, украиналық Ленур Темировті 3:1 есебімен жеңді. 

Қытай құрамасы медальдар есебі бойынша көш бастап тұр: 28 алтын, 16 күміс және 16 қола жүлде. 

Айта кетейік, осы салмақта Қазақстан намысын Мейрамбек Айнағұлов қорғаған еді, бірақ ол бірінші кездесуінде жеңіліп қалған.