• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2021

Қостанайда вакцинация паспортын сатқан екі алаяқ ұсталды

160 рет
көрсетілді

Екі ер адам телеграм желісінде вакцина паспортын сату туралы жарнама жасап, клинеттерден ақша жинаған. Кейін оларды бұғаттап тастаған, деп жазады Polisia.kz.

Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Қостанай қаласының 27 жастағы екі тұрғынын анықтады.

Олар шілде айында Telegram әлеуметтік желісінде арнайы аккаунт ашып, вакцина паспортын сататыны туралы жарнама жасаған. Клиенттерден алдын ала төлем алған соң, бұғаттап тастаған. Паспорт жасамаған. Ақша аударымы үшін бөтен адамдарға рәсімделген банк картасын пайдаланған. 

Күдіктілердің шығыны 300 мың теңгеге бағаланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар