• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 27 Шілде, 2021

Токио Олимпиадасы: Василий Левит бірінші жекпе-жекте нокаутпен ұтылды

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ, деп жазады Egemen.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.

Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды. 

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті. 

Соңғы жаңалықтар