ІІМ апталық брифингінде министрліктің баспасөз өкілі Ш.Тұрлыбектің айтуынша, бір апта ішінде елде 3226 қылмыс жасалған, деп жазады Egemen.kz
«Оның 2225-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 12 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 44 тонау және 466 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», дейді баспасөз өкілі.