• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Шілде, 2021

Елордада есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

336 рет
көрсетілді

33 жастағы азаматтың көлігі елорданың Қосшығұлұлы көшесінде тоқтатылған. Тінту кезінде гашиш есірткісі оралған 13 полиэтилен пакет табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мекенжайы бойынша үйін тексергенде сатуға арналған тағы 2 полиэтилен пакет, электронды таразы, және басқа заттар табылды. Арнайы операция кезінде 1 жарым келі есірткі тәркіленді. Полиция қызметкерлері қолға түскен азаматтың сыбайластарын анықтау үшін жедел іздестіру операциясына кірісті.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолға түскен адам қамауға алынды.