• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Маусым, 2021

Ресей тоғыз елмен әуе рейстерін қалпына келтіреді

Ресей билігі 22 маусымнан бастап Түркиямен рейстерді қалпына келтіруге шешім қабылдады. Бұл туралы Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Татьяна Голикова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Түркиядан басқа, Италия, Оңтүстік Кипр, Солтүстік Македония, Бельгия, Болгария, Иордания және Ирландиямен рейстер қалпына келтірілді.

Түркиядағы COVID-19 эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына байланысты Ресейдің коронавирустық жедел штабы бұл елмен әуе қатынасын 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

Кейінірек, шектеулер 21 маусымға дейін ұзартылатыны туралы жарияланды. 

Ресей туроператорлар қауымдастығының (ATOR) вице-президенті Дмитрий Гориннің сөзінше,  ресейлік туристердің 60 пайыздан астамы шектеулерге қарамастан Түркияға сапарларын тоқтатпаған.

Соңғы жаңалықтар