• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2021

Атырауда 700-ден астам мұнай өңдеуші вакцина салдырды

393 рет
көрсетілді

Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейтін 700-ден астам адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Спутник V» вакцинасын салдырғандар зауыт пен мердігер мекемелер қызметкерлерінің шамамен 30 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ 160 қызметкер вакцинаның ІІ компонентін алыпты.  

«Мен үнемі жұмыста боламын. Кәсіпорынның инженерлік-техникалық құрамымен,  мердігер мекемелердің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Сондықтан COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдырдым. Жаппай вакциналау ғана қауіпті вирустың таралуын тоқтатады. Вакцина жақындарымыздың денсаулығы мен өз қауіпсіздігімізге алаңдамай, қалыпты жұмыс кестесіне оралуға көмектесетініне сенемін» , дейді мұнайды терең өңдеу өндірісінің бастығы Абат Әбілхайыров.

 

Соңғы жаңалықтар