• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Ақпан, 2021

БАӘ-де авраамдық үш дін ғибадатханасы ашылады

640 рет
көрсетілді

Келесі жылы Абу-Дабиде авраамдық үш дін - христиан, ислам және иудаизм ғибадатханасы ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы БАӘ-нің Ресейдегі елшісі Мұхаммед Әл-Джабер мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дүйсенбі күні еврей мұражайы мен толеранттылық орталығында мекеме мен БАӘ елшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Айта кетейік, iс-шара Халықаралық Адами бауырластық күніне орайластырылған.

«2022 жылы Абу-Дабиде үш әлемдік діндер - ислам, христиан, иудаизм ғибадатханасын ашу жоспарлануда. Ол «Авраам отбасының үйі» деп аталатын болады», деді елші.

Аида ОРАЛБЕК