• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2021

АН-2 санитарлық ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

197 рет
көрсетілді

АН-2 санитарлық ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлағандықтан, Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан АН-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды.

Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автокөлік жолына қонды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ