• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2020

Еріктілердің көмегімен 11 адам аман-есен табылды

350 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл кентінің 58 жастағы тұрғыны Владимир Ларионов із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Полицияға оның жоғалып кеткені туралы әпкесі хабарлаған. Ол 28 қазанда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп тәртіп сақшылары барлық сыртқы қызметтерге бағдар ретінде жолдаған. Оны іздестіруге еріктілер де араласқан. Полицейлермен бірге олар орман алқаптарын шолып, қараусыз қалған құрылыстарды, құдықтарды тексеруге қатысты.

Жыл басынан бері еріктілер осындай 70-тен аса іздеу шараларына атсалысқан. Олардың тікелей көмегімен әлеуметтік желілер арқылы хабар таратылып, 11 адам аман табылды.

В.Ларионовты да еріктілер әлеуметтік желілердің танымал пабликтеріне салып, ерекше белгілерін көрсеткен.

"Әлеуметтік желілер бүгін – халықты ақпараттандырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Қолданушылар бейжай қалмайды, кейде көрсетілген белгілерге ұқсас адамды көрдік деп жазып жатады", дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Пётр Климов.

Облыста ағымдағы жылдың 10 айында ғана 40 адамға іздеу жарияланып, оның 35-і табылды.