• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Алматыдағы бизнес-орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

410 рет
көрсетілді

Алматы қаласында бизнес-орталықтың келушілері мен қызметкерлері күмәнді сөмке үшін эвакуцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған жайт  бүгін түскі сағат 12:40-та болған. Бұл туралы ақпараттар Instagram желісінде қызу талқыға түсуде.

− "102" пультіне күмәнді сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаланың шұғыл қызметтері бірден оқиға орнына барды. Бірінші кезекте бизнес орталығы кеңселерінің қызметкерлері мен келушілері шұғыл эвакуацияланды, − деді полиция департаментінің өкілдері.

Алдын ала деректер бойынша сөмкенің иесі табылды. Ол оны ұмытып кеткен болып шықты.