• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Алматыда крематорий қашан салынатыны белгілі болды

531 рет
көрсетілді

Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына тендер жарияланған болатын,- деп хабарлайды Egemen.kz

"Бұған дейін Алматы әкімдігі крематорийі бар патологоанатомиялық бюроның (мәйітхананың) құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған еді. Алайда жеткілікті қаржының болмауына байланысты крематорий салу мәселесі кейінге қалдырылды. Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Үкіметтің №187 қаулысымен крематорий құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды",-деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Бұдан әрі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптаманың оң қорытындысын алу шамасына қарай объектіні салу мәселесі қаралатын болады.