• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:03

Блогер Ильяр Ювашевқа іздеу жарияланды

20 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Ильярға (Ильяр Ювашев) мемлекетаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ол заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше, Ювашев 2024-2025 жылдары лицензиясыз жұмыс істеген онлайн-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан. Соның ішінде mellstroy.game ресурсы да бар. Қаржы айналымы 22 жалған компания арқылы жүргізіліп, POS-терминалдар мен электронды төлем жүйелері арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

Құзырлы органдар блогердің жүрген жері туралы ақпаратты Астана қаласындағы экономикалық тергеу департаментіне хабарлауды сұрайды. Ақпарат бергендерге сыйақы төленіп, құпиялылық сақталады.

Сонымен қатар, бұл іс бойынша Беларусь азаматы, блогер Андрей Бурим да тергеліп жатыр. Ол интернет-казиноны жарнамалау үшін түрлі байқаулар мен челлендждер ұйымдастырған. Қатысушылар TikTok, YouTube Shorts сияқты платформаларда видео түсіріп, казиноны насихаттаған.

Заңсыз казино ұйымдастырушылардан 420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді  
Соңғы жаңалықтар