• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Мамыр, 2020

Футзалдан әлем чемпионаты 2021 жылы өтетін болды

294 рет
көрсетілді

ФИФА футзалдан әлем чемпионатын 2021 жылға ауыстырды. Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазіргі әлем чемпионы атағы 2016 жылы топ жарған Аргентинаға тиесілі. Әлем чемпионатына 24 команданың 13-і жолдама алып үлгерді. Оның ішінде, Қазақстан құрамасы да бар. 

Коронавирус індетінің етек жаюына байланысты Азия чемпионаты кейінге қалдырылды. 

Айта кетейік, Қазақстан командасы элиталық раундтың іріктеу турнирінде алты ұпаймен D тобында көш бастады. Қазақстанмен бірге Чехия, Румыния, Словения сынға түсті.