Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Талқылау барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров осы заң жобасы бойынша баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. В.Пет-ровтың айтуынша, аталған заң жобасы халықтың, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің қорғалу деңгейін олардың қауіпсіздігі жай-күйін бағалауды тәуелсіз сарапшы ұйымдар саласына енгізу жолымен арттыру, сондай-ақ мемлекеттік өрт бақылау органдары жүзеге асыратын тексерістер санын қысқарту есебінен қорғау объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және бақылау қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында әзірленген.