• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2010

БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

551 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы “Журналистер үйінде” Орыс пра­вославие шіркеуі Астана мен Алматы епархия­сының жаңа басшысы архиепископ Александр БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді. 53 жастағы пірәдар алғашқы сөзін осы басқосуға келген қалам иелеріне алғысын білдіруден бастады. – Астана мен Алматы епархиясы дінаралық және конфессияаралық әріптестікті нығайта беруге мүдделі. Сондай-ақ дәстүрлі діндер бірлестігі өкілдерімен бірлесе отырып, ортақ жобаларды атқаруға, Қазақстанның бірқатар қалаларында дінаралық және ұлтаралық қатынастарда бейбітшілік пен ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыстар жасауға ынталы, – деді ол. Аталған қызметке наурыз айында Орыс пра­вославие шір­кеуі Сино­дының шешімімен тағайындалған архиепископ Александр Ре­сейдің Ки­ров қаласында дүниеге келген. Алғаш Ленинградта діни семина­рияда білім алған соң, Мәскеу Дін академиясына түсіп, оны 1990 жылы бітіріп шығады. Бірнеше мемлекеттік наградалар мен шіркеу ордендерінің иегері. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. АСТАНА.