• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Наурыз, 2020

Карантиннің басты мақсаты - инфекцияның таралуын тоқтату - Б.Сағынтаев (видео)

270 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада енгізілген карантин режиміне қатысты пікір білдірді.

- Мен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгіздім. Бұл шешім бір сағат бұрын қабылданды. Қалада карантин 19 наурызда түнгі сағат 00:00-ден бастап енгізіледі. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты - инфекцияның таралуын тоқтату. Міндет қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралу жолын тоқтату, - деді Бақытжан Сағынтаев.