Қазақстан Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуде. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін зауыт салу 2029 жылға дейінгі газ саласын дамытудағы негізгі жобалардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, бұл жоба Қазақстан үшін аса маңызды, сондықтан оның іске қосылу мерзімін кейінге қалдыруға болмайды.
«Мемлекетке нақты нәтиже қажет», деп баса айтты ол.
Сондай-ақ, Қарашығанақ жобасындағы шетелдік акционерлермен жүргізіліп жатқан келіссөздерге ерекше назар аударылды.
Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Министр шикі газ жеткізілімін қамтамасыз ету, баға келісімдері және зауытты кен орнының қолданыстағы инфрақұрылымымен тиімді біріктіру маңызды екенін жеткізді.