• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2020

Елордада Nur Оtan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді

240 рет
көрсетілді

2020 жылғы 5 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бұл туралы Тұңғыш Президент-Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясының Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды» деп жазды Айдос Үкібай.