• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қаңтар, 2020

Қырғызстанда Қазақстан Елшілігі қызметкеріне қатысты оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр – ҚР СІМ

542 рет
көрсетілді

Қырғызстанда Қазақстан Елшілігі қызметкерінің қатысуымен болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Биылғы 10 қаңтарда мемлекеттік шекараның «Ақ жол» - «Қордай» бақылау-өткізу пунктіндегі Қырғызстан жағында Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік-техникалық қызметкерінің қатысуымен оқиға орын алғанын растаймыз. Қазіргі уақытта қырғыз тарапымен бірлесіп осы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметі.