• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қаңтар, 2020

Хайсам бен Тарек Әл Саид Оманның жаңа сұлтаны болды

249 рет
көрсетілді

Оманның мемлекеттік БАҚ-ры бүгін Хайсам бен Тарек Аль Саидтың елдің жаңа басшысы атанғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені Оманның мемлекеттік агенттігі сұлтан Кабус бен Саид Аль Саид 79 жасында қайтыс болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң тікелей эфирден жасады.

Ол Оманды 50 жыл бойы басқарды. Жұма, 10 қаңтарда өмірден озды. Оман үкіметі үш күнге ұлттық қаралы күн жариялады.

Al Jazeera дерегіне сәйкес, Хайсам бен Тарек Аль Саид Оман кеңесінде ант қабылдады. Сондай-ақ, оның бұрын мәдениет және ұлттық мұра министрі болғаны белгілі болды. Ол қайтыс болған Кабус бен Саид Аль Саидтың туыс інісі.