• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Президент 13 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады

349 рет
көрсетілді

Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.