• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Президент 17 Шілде, 2019

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

477 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге  ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.